Облыстық «Марал ишан» мешітінде балаларға арналған жазғы діни сауат ашу курсы жұмыс істеуде.
Мұнда осы кезеңде шәкірттерге «Құран әліппесі, әдеп пен тәлім-тәрбие, ислам ғибадаты, пайғамбарлар тарихы» жайлы дәріс беріледі. Олардың әр қайсысының да өзіндік тағылымы мол.
Мәселен, курстағы ер балаларға жуырда ғана аталмыш мешітке найб имам болып тағайындалған Әлішер Балахмет ұстаздық етуде.
Ол дәріс алып жатқан балалардың уақытты тиімді пайдаланып, белгіленген мерзім ішінде тиянақты болуларына айрықша назар аударуда. Сонымен қатар, оқуға деген ықыластарын арттыру мақсатында түрлі ойындар өткізіп, тәттілер ұсынылып, теориялық білімді тәжірибемен ұштастыруға көп көңіл бөлуде.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
27.06.2016
3299
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру