Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Полиция қызметкерлері - ауызашарда

27.06.2016 3278 0 пікір

Маңғыстау облыстық орталық мешіті Рамазан айы бойы түрлі сала мен мекеме қызметкерлеріне арнап ауызашар ұйымдастыруды жоспарлаған болатын. Сол жоспарға сәйкес, Маңғыстау облыстық қылмыстық атқару жүйесі департамент қызметкерлері кезекті ауызашар дастарханының қадірлі қонағы болды. Қаламыздағы түзеу мекемелерінде қызмет ететін, жұмыстың қиындығына қарамай ауыз бекіткен полиция қызметкерлері өздерін қонақ ретінде шақырған өкіл имамға ризашылықтарын білдірді. Өкіл имам Смайыл Сейтбеков дастархан басында Рамазан айының қадір қасиеті мен сауабы жайында уағыз айтып, келген қонақтарға алғысын білдірді.

 

Маңғыстау облыстық орталық

мешіттің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру