Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шемонаихадағы шарапатты шаралар

27.06.2016 3840 0 пікір

ҚМДБ-ның Өскемен аймағы бойынша өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы қасиетті Рамазан айында жұмыс сапарымен Шемонаиха ауданында болды.

Өкіл имам алдымен «Шемонаиха техникалық-гуманитарлық колледж» жатақханасында болып, ондағы студенттердің жағдайымен танысты.

Сонымен қатар, осында білім алып жатқан жағдайы төмен студенттерге қайырымдылық жасады. Оларға еліміздің елеулі азаматтары болып қалыптасуын тіледі.


Сапар аясында «Шемонаиха аудандық мешітінде» болып, жамағатпен жүздесіп, аудандық мешітте атқарылып жатқан шаралармен танысты. Мешіт жанынан жас мамандарға арналып салынып жатқан 3 бөлмелі баспана құрылысын көрді.

Бұдан соң Шемонаиха ауданының бас имамы Иврахим Еркінбаймен бірге Шемониха қаласының тұрғыны 6 баласы бар, ерлі зайыпты екеуі де мүгедек Кунанбаевтардың отбасында болып, оларға азық-түлік, киім-кешек түрінде көмек көрсетті.


Кешкісін аудандық мешітте Шемонаиха ауданының әкімі Аманкелді Тоқтаров өкіл имамға және ораза тұтқан жамағаттарға ауызашар берді.

Ауызашарда Шемониха ауданының бас имамы Иврахим Еркінбай: «Қасиетті Рамазан айында мешітімізіде күн сайын ауызашар беріліп келеді. Біз өкілдіктің «25 жылдыққа 25 қадам» жобасын жүзеге асыруда тың серпінмен шаралар атқарудамыз», - деп атап өтті

Аудан әкімі өз сөзінде қасиетті Рамазан айында және жалпы аудан көлемінде атқарылып жатқан шараларға көңілі толатындығын жеткізді.

Ауызашар дастарханы басында Ермек қажы Тасболатұлы жалпы жамағатқа Рамазан айының рыздық, берекетін тілеп, тағылымды насихат айтты.

 

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру