Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

РАНТ мүшесі Ақжайықта

27.06.2016 3027 0 пікір

Қасиетті Рамазан айында ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтанов Ақжайық еліне келген РАНТ тобының мүшесі, Оңтүстік Қазақстан облысы, Орталық мешітінің найб имамы, исламтанушы Еркебұлан Қарақұловты Орал орталық мешітінде жиналған қауымға таныстырды.

Алдымен өкіл имам Руслан Тыныштықұлы қасиетті Рамазан айымен құттықтап,  сөз тізгінін келген қонағымыз Еркебұлан Қарақұловқа ұсынды.

Найб имам Еркебұлан Қарақұлов  мешіт имамдары мен жамағаттарына «Асыл дініміз - Ислам» турасында уағыз айтып, көпшілік қауымды ауызбірлік пен ынтымаққа шақырды.

Кездесуге келген қауым өздерін толғандырған сауалдарын жолдап, тұщымды мағлұматтар алды.

Шара соңында өкіл имам Руслан Сұлтанов өз ризашылығын айтып, имандылық жолына сәттілік тіледі.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру