Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қазір

17 Сәуір 2026

29 Шәууәл 1447 Хижра

  ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

«Асыл арна» телеарнасының Қожа Ахмет Яссауи жылы деп жариялауына орай ұйымдастырған ауызашары

27.06.2016 3711 0 пікір

«Асыл арна» телеарнасы еліміздің танымал тұлғаларына, қоғам қайраткерлері мен өнер жұлдыздарына арнап ауызашар дастарханын жайды. Жылдағы дәстүр бойынша өткізілетін ауызашар  рәсімі биыл ЮНЕСКО-ның 2016 жылды Қожа Ахмет Яссауи жылы деп жариялауына орай ұйымдастырылған іс-шаралар аясында өтті.  Ауызашар кешінде Мұрат Жұрынов, Смағұл Елубай, Амалбек Тшанов сынды белгілі тұлғалар өнегелі әңгімелерін айтты. Ісімен де, сөзімен де көпке үлгі болып жүрген Асылы  Осман, Зейнеп Ахметова апаларымыз  өз тілектері мен ыстық ілтипаттарын жеткізді. ҚМДБ-ның «Асыл арна» телеарнасындағы өкілі, шариғи редакторы Нұржан Таласұлы Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлының телеарна ұжымына деген тілегін  жеткізіп, игі іс-шараларда әрдайым бірге екенін білдірді. Сондай-ақ,  арнамыздың рухани кешіне  арнайы Астанадан философия және теология ғылымдарының докторы, профессор Досай Кенжетай ағамыз да келіп, жиын барысында бірқатар орамды ойын ортаға салды. Ауызашар рәсімінің құрметті қонақтармен бірге тікелей қосылымға шығып, «Асыл арна» ұжымына  сәттілік тіледі. Ұлт зиялылары мен өнер жұлдыздарының басын қосқан ауызашар кешінде ғибратты әңгімелер айтылып, діни өлеңдер оқылды. Келген қонақтарға «Асыл арна» телеарнасының арнайы сый-сыяпаттары үлестірілді.   

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру