Жазғы лагерьге қатысушы мектеп оқушылары «Аружан» сауда үйіндегі балалар ойын-сауықтық орталығына саяхат жасады.
ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Елорда мешіттерінде «Имани жаз - 2016» жаздық сауат ашу лагері ай бойы жұмыс жасап, мектеп жасындағы оқушыларға имани-рухани тәрбие беруде. Аталмыш курс аясында бүлдіршіндер тек қана білім алып қоймай, мәдени шараларға да қатысып, көз аясын кеңітуге толық мүмкіндік жасалып отыр.
Өкілдік тапсырмасы аясында, «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің Бас имамы Жұманазар Садырхановтың ұйымдастыруымен, сауат ашу курсында жазғы лагерьге қатысушы мектеп оқушылары, «STAR PLAY» отбасылық ойын-сауық орталығына барып, түрлі қызықты ойындар ойнап, 5D форматындағы кинотеатрды тамашалап, көңілдері шаттыққа бөленді.
Әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы, толық емес құрамдағы отбасыларынан шыққан оқушылар, т.б лагерь қатысушыларын қамтыған 100-ден астам оқушы іс-шараға қатысты.
Астана қалалық автопарктің демеушілігімен екі автобус қаланы тегін аралатты. Сонымен қатар, қалалық жол полицейлері арнайы жол қозғалысын қадағалып, бағыт сілтеп отырды.
Аталмыш жасалған барлық игі істерге қасиетті Рамазан айында Алла разы болсын демекпіз!
Sunna.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
24.06.2016
3335
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру