Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бір күндегі ғибратты кездесулер

24.06.2016 3425 0 пікір

Орал қаласындағы «Түлбаев Мұхаммед-Ғариф» атындағы мешітте  облыстық дін істері басқармасының ұйымдастыруымен, ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілдігінің қолдауымен облыс, қала имамдарына арналған ғибратты кездесу болып өтті.

Бұл кездесуге ҚР МСМ Дін істері комитетінің дінтану сараптамасы басқармасының басшысы, теология ғылымдарының докторы Балғабек Мырзаев,  аталмыш мекеменің республикалық  мемлекеттік  мекемесінің аға ғылыми қызметкері  Марлен Муслимов, аймақтық жұмысты үйлестіру басқармасының бас сарапшысы Жанбота Қарашулақов, облыстық дін істері басқармасының басшысы Талғат Нығметов, ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Султанов қатысты.

Алдымен облыстық орталық мешітінің бас имамы Руслан Тыныштықұлы жиналған қауымды қасиетті Рамазан айымен құттықтап, Ақжайық жеріндегі діни ахуалды, жеткен жетістіктерді айта отырып, Астана қаласынан келген арнайы қонақтарды таныстырды.  Дін істері комитетінің дінтану сараптамасы басқармасының басшысы, теология ғылымдарының докторы Балғабек Әбдіқайымұлы сөз алып,   комитеттің жұмыс құрылымын, діни әдеби кітаптарға жете тоқталып, жақында орын алған Ақтөбе қаласындағы лаңкестік әрекетті сөз ете отырып, қазіргі уақытта имам қызметінің абыройын, беделін  арттыру мақсатын айтып, көпшілікке кеңінен жеткізді.

Ғибратты кездесу емін–еркін болғандықтан, имамдар толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныстарын білдірді.

Шара соңында өкіл имам Руслан Тыныштықұлы келген қонақтарға өз ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ,  Ж. Молдағалиев атындағы облыстық орталық кітапханасының кіші залында  «Әйел және қоғам» ұлттық қозғалысы көшбасшыларына Дін істері комитетінің Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры Айнұр Әбдірәсілқызының баяндамасы тыңдалса, бұл шарада дәстүрлі отбасы құндылықтарын айтып, қыздардың көңілдерінде жүрген мәселерді талқылап, сырласса, ал ҚАЗИИТУ-нің студенттер сарайында «Дін мен қоғам» атты тақырыбында облыс жұртшылығымен жүздесіп, зиялы қауым өкілдері ұлттық дәстүрімізді, әдеп-ғұрыптарымызды, дінімізді, ата-бабаларымыздың қалған насихат мұратын жастардың санасына сіңдіріп, ұлттық құндылықтарды насихаттады.

Сонымен қатар, Орал облыстық орталық мешітінде құптан намазынан кейін ҚМДБ-ның жанынан құрылған РАНТ-ның мүшесі, ОҚО-ның орталық мешітінің найб имамы Еркебұлан Қарақұлов пен ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имам Руслан Тыныштықұлы жиналған жамағатпен кездесті.

Алдымен жамағатпен тізе қосып құптан намазын оқығаннан кейін, сөз басын алған өкіл имам асыл дініміздің құндылықтарын насихаттап, қоғамда белең алған жат ағымдардың зияндылығы түсіндіріп, теріс ағымдардың ханафи мәзһабынан айырмашылығын және ұстанымдарының қателіктерін де  егжейлеп айтып беріп, әрмен қарай, келген қонағымызды таныстырып сөз берді. Уағыз барысында Е.Қарақұлов мешіт іші толы болған жамағатқа  «Рамазан айының артықшылығы» жайында уағыз айтып, Құраннан, аяттан, сахих хадистерден дәлел келтіріп, кеңінен тақырыпты ашып түсіндіріп,  жамағатты бірлікке, ынтымаққа шақырды.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру