Бүгінгі күні діни ілім алып, Ислам дініне қызмет етуге жаны құштар жастар саны артып келеді. Бұл бағыттағы жұмыстарды жүргізуде мешіттердің де еңбегі орасан.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті осы бағытта шәкірттермен кездесу ұйымдастырды.
Кездесуге келген жастар аса қызығушылықпен білім алғысы келетіндіктерін, ықыластарын айқын байқатты. Жастарға өкіл имам Талғат Сейіткәрімұлы діни білім алудың маңыздылығы мен артықшылығын түсіндірді.
Шәкірттерге негізінен "Нұр Мүбарак" Египет ислам мәдениет университеті, медреселер, қарилар дайындайтын медрселер туралы ақпарат беріліп, насихатталды.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
24.06.2016
3455
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру