Қасиетті Рамазан айының осынау бір шуақты кешінде Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов облыстық «Халифа Алтай» мешітінде ауызашар берді.
Берекелі дастарханға ҚМДБ-ның Өскемен аймағы бойынша өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы, Семей өңірінің өкіл имамы Мақсат қажы Алтыбай және аудан, қала имамдары мен аудан әкімдері, өңірдегі басқа да діни бірлестіктердің жетекшілері, басқарма басшылары мен ақсақалдар қатысты.
Ауызашар алдында өкіл имам бабаларымызға арнап Құран бағыштап, елімізге тыныштық, бейбітшілік тіледі.
«Қасиетті Рамазан айында ораза ұстаған жамағатқа ауызашар беру сауапты істердің бірі. Бұл мұсылмандардың өзара бірлігін арттыру, асыл дінімізге деген құрмет болып табылады. Рамазан айы ұлттар мен ұлыстарды бірлікке, берекеге ұйыстыратындығымен ерекшеленеді. Қасиетті айда қайырымдылық жасау да аса сауапты іс. Қасиетті Рамазан айында халқымызға бірлік пен береке, елімізге тыныштық тілейміз, ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын», - деп облыс әкімі өзінің ақжарқын тілегін жеткізді.
ҚМДБ-ның Өскемен аймағы бойынша өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы: «Өңірде діни сауаттылықты арттыру, аудан мешіттерін діни мамандармен толықтыру бағытында біршама шаралар жасалуда. «Нұр-Мүбарак» университетін биыл бітірген 15 түлек аудандарда, қала мешіттерінде қызметке орналасты. Алда басқа жоспарлар бар. Осы шараларды үнемі қолдап, жас мамандардың әлеуметтік мәселесінің шешілуіне ықпал етіп отырған облыс әкімі Даниал Кенжетайұлына алғыс білдіремін», - деп түйіндеді.
Шығыс Қазақстан облыстық
«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
24.06.2016
3713
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру