
«Аңсар» ақпараттық талдау орталығының ұйымдастыруымен, Ақтөбе облысы имамдарының білімін жетілдіру мақсатында семинар өтті. Семинарда имамдар ҚР Мәдениет және Спорт министрлігі Дін істері комитетінің діни сараптама басқармасының басшысы Мырзаев Балғабек пен ҚМДБ-ның уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі исламтанушы, PhD доктор Оңғаров Ершаттан дәріс тыңдады.
Шара барысында «Зайырлы мемлекеттегі діннің орны», «Жат ағыммен күресудің жолдары» тақырыптарында дәрістер оқылды. Семинар соңында қатысушы имамдарға сертификаттар мен әдістемелік құралдар таратылды.
Сондай-ақ, Ершат Ағыбайұлы Мұғалжар ауданына арнайы барып, жергілікті жамағатқа жайылған ауызашар дастарханына қатысты. Ауызашар барысында жамағатқа уағыз айтып, елді ынтымақ-бірлікке шақырды. «Нұртай» аудандық мешітінде тарауық намазын оқыды.
«Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
24.06.2016
3405
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру