
Маңғыстау облыстық орталық мешітінде Рамазан айының келуімен басталған игі дәстүр жалғасын табуда. Ораза басталғалы облыстық мешіт бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне, жастарға, басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдар өкілдеріне ауызашар ұйымдастырып келеді. Бұл жолы ауызашар қонақтары ретінде Маңғыстау облысының Әділет департаментінің қызметкерлері шақырылды.
Маңғыстау облысының бас имамы Смайыл Сейтбеков келген қонақтарға ризашылығын білдіріп, қадір-қасиеті ерекше Ораза айының құндылығы туралы сөз қозғады. Мұсылман баласының бұл айды ғибадатпен және сауабы мол істермен өткізуге ұмтылуы керек екендігін атады. Өз кезегінде Әділет департаментінің басшысы Атағазиева Бақтыгүл Сапарқызы өз ризашылығын білдіріп, алғысын жеткізді.
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
23.06.2016
3243
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру