Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Полиция күні мешітте ауызашармен аталып өтті

23.06.2016 3801 0 пікір

23 маусым – Қазақстан полициясы күніне орай, Алматы облыстық құқық қорғау органдарының қызметкерлері өздерінің кәсіби төл мерекесін қасиетті Рамазан айында ауызашармен атап өтті.

Мерекені атап өту үшін облыстық ішкі істер департаменті әрі облыстық прокуратура қызметкерлері Талдықорған орталық «Иман» мешітінде еліміздің батыр генералдары, абыз ақсақалдары, облыстың құрметті азаматтарын жинап ауызашар берді.

ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Серікхан қажы Рымханұлы ауызашарға жиылған жұртты Рамазан айымен құттықтап, насихатын айтып, ішкі істер департаментінің басшысы Мұрат Жәлелұына жайнамаз сыйлады.

Талдықорған өңірлік баспасөз қызметі 


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру