Бүгін Талдықорған қаласындағы орталық саябақта Талдықорған өңірінің өкіл имамы ардагерлерге арнап Рамазан оразасының құрметіне арнайы қазақы киіз үй тігіп, ауызашар асын берді.
Ауызашарға жиналған облыстық ардагерлер кеңесінің ақсақал-қарттарын өкіл имам С. Ахмадиев қасиетті Рамазан айымен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Ауызашар дастарханында жарапазан, күй, термелер айтылып, Рамазан айына арналған бейнероликтер көрсетілді.
Өз жағынан ақсақал ардагерлер өкіл имамға ризашылықтарын білдіріп, баталарын берді. Жиын соңында ақжаулықты аналарымызға және ардақты ақсақалдарымызға сыйлықтар таратылды.
Талдықорған өңірі бойынша баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
22.06.2016
3500
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру