Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АҚТӨБЕДЕ «ОРАЗАНЫҢ ӘР КҮНІНЕ БІР САУАП» АТТЫ САУАПТЫ ІС-ШАРАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА (ФОТО)

22.06.2016 4226 0 пікір

Рамазан айының қарсаңында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының Үндеуіне үн қосу мақсатында Ақтөбе қаласында «Оразаның әр күніне бір сауап» атты сауапты іс-шаралар жүзеге асырылуда. Нақтырақ айтқанда, Бас мүфтидің Үндеуі мен құттықтауы және ораза кестесін т.б. оразаға қатысты парақшалар халыққа тегін тарату, қарт кісілердің үй шаруасына көмектесіп, жинастырып беруге мешіттің жастар жамағатын ұйымдастыру, дүкендерде тегін нан тарату, мұқтаж отбасына қайырымдылық көмек көрсету, үй салып жатқан отбасыларға жамағаттың көмегімен асарға бару, мешіт жамағатына арнап ауызашар дастарханын ұйымдастыру, тарауық намазына келген жамағатқа тегін такси ұйымдастыру, қарттар үйінде арнайы ауызашар дастарханын ұйымдастыру, «Нұр Мүбәрак» пен еліміздегі медреселерді  жарнамалау сынды іс-шаралар  атқарылды. Бұл шараларға қаладағы мешіттердің ұжымы мен жамағаты жұмылдырылды.

Алдағы уақытта «Рамазан – Рақым айы» атты қайырымдылық шарасын ауқымды деңгейде өткізу, балалар үйінде арнайы мерекелік шара ұйымдастыру, «Нұр Мүбәрак» университеті мен медреселерде білім алып жатқан ақтөбелік мұқтаж студенттердің оқу ақысына көмек беру сияқты игі істер өз жалғасын таппақ.

 

«Нұр Ғасыр» облыстық орталық

мешітінің Баспасөз қызметі

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру