Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жастармен өткен кездесу

21.06.2016 3515 0 пікір

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің жалпы және жастармен жұмыс бөлімі іс-шаралар жоспарына сәйкес жастармен жүйелі түрде кездесу, дөңгелек үстел, сайыс, байқаулар ұйымдастырып келеді.

Бөлім жергілікті Жастар ресурстық орталығы мен "Нұр Отан" партиясының "Жас Отан" жастар қанатының филиалымен, белсенді жастармен қарым-қатынас орнатқан.

Осы бағытта Жастар ресурстық орталығының мәжіліс залында «Дін және жастар» тақырыбында жастармен кездесу өткізілді.

Кездесуге орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің найб имамы Улжаев Бақыт қатысты.

Өз хабарламасында Б.Улжаев жастарға дәстүрлі емес діни ағымдардың жетегінде кетпеу жөнінде, діни сауаттылық бағытында насихатын жеткізді.

Қатысушы жастар мамандардан көкейлеріндегі сауалдарына жауаптарын алды.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру