Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бас мүфти атынан БАҚ өкілдеріне ауызашар берілді

21.06.2016 3764 0 пікір

Қаламгерлер мерекесі қарсаңында Шымкент қаласы облыстық орталық мешітінің дәмханасында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің атынан 60 қаламгерге ауызашар дастарханы жайылды.

Ауызашар рәсіміне облыс имамы А.Керімбек, найб имамы әрі баспасөз қызметінің жетекшісі М.Естеміров, облыс әкімдігінің баспасөз қызметкерлері, облыстық «Қазақстан Шымкент», «Отырар», «Созақ ТВ», «Нар ТВ», «Айғақ»  телеарналары мен «Оңтүстік Қазақстан», «Қазақстан жолы», «Южный Казахстан», «Шымкент келбеті»  т.б. газет-журналдардың бас редакторлары мен тілшілері қатысты.

Дәстүрлі шара аясында бірқатар журналистер сөз алып, діни басқарма тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға беріп, риза екендіктерін атап өтті. Сондай-ақ, өкіл имамы Ахметжан Керімбек Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің қаламгерлер мерекесімен құттықтауын жеткізді. Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, барлық қонақтарға кәде-сыйлық табыс етілді.

 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының

ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру