Рамазан – мүмкіндіктерге толы мейірім айы. Қасиетті ай қарсаңында Алматы қаласының Бас имамы Нұрбек қажы Есмағанбеттің бастамасымен әлеуметтік аз қамтылған отбасылар мен ардагерлерге құрмет көрсетілді.
ҚМДБ-ның жастар ісі бойынша Алматы қаласының өкілі Есім Ержан жетекшілігіндегі мешіт жастары ардагерлерді құттықтап, бір айлық азық-түлікпен қамтамасыз етті.
Қашанда мешіттерден қолдау көріп отыратын ардагерлер дін қызметкерлеріне риза болып, алғыстарын айтып, ақ баталарын берді.
Құранда Алла Тағала: «Жақсылықта жарысыңдар…» («Бақара» сүресі, 148-аят), – деп бұйырған. Қауқарсыз жандарға қол ұшын беру – мұсылманның ең жақсы сипаты. Алла баршамызға жақсы істер жасауды нәсіп етсін!
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
21.06.2016
3449
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру