Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Аягөз қаласында «Қош келдің, Рамазан!» атты рухани кеш өтті

21.06.2016 3601 0 пікір

ҚМДБ төрағасы, Бас муфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің қасиетті Рамазан айына байланысты тапсырмасына орай, Аягөз қаласында «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» мәдениет сарайында «Қош келдің, Рамазан!» атты рухани кеш өтті. Мешіт ұстаздары қасиетті Құран сүрелерін оқып, кішкентай шәкірттердің Аллаға мадақ айтуымен сахна шымылдығы түрілді. Өз кезегінде ақындар ораза жайлы өлең жырларын оқып, «Таңдау» атты бейнеролик көрсетілді. Талдықорған облыстық мешітінің наиб имамы Ардақ Нүсіпханұлы көпшілікті мерекемен құттықтап, уағыз – насихат айтты. Қазақ зағиптар қоғамы бірлестігінің Аягөз филиалы басшысы Өмірзақов Берік жүрек жарды жырын оқыды. Белгілі айтыскер ақын Дидар Қамиев пен аягөздік Қазбек Байжұманов арасында болған айтыс көпшілікті бір серпілтіп тастады. Дидар Қамиев «Ана» туралы терме орындады. «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» мәдениет үйінің әртістерімен мешіт жанынан құрылған жастар бөлімі бірлесе дайындаған «Ораза» атты көрініс көпшілік көңілінен шықты. Мерекені қорытындылаған аудан имамы Думан Нәдірұлы қасиетті айларда, мерекеде жолығуды тілеп, қонақтарға сый – кәде жасап, алғыс айтып, Жаратушыдан ел–жұрт амандығын тіледі.

 

Аягөз қалалық мешітінің

баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру