Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Зағип жандар ауызашарда

20.06.2016 3434 0 пікір

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің Рамазан айына жасаған арнайы бағдарламасына сәйкес күнделікті түрлі сала мен мекеме қызметкерлері ауызашарға шақырылуда. Мақсат - Рамазан айының қадір-қасиетін жеткізу. Осындай мақсатта кезекті қонақта зағиптар қоғамына мүше жандар шақырылды. Зағип жандар өкіл имам С.Сейтбековтың шақыруын қабыл алып, арнайы жайылған дастарханда қонақ болды.

Ауызашар барысында облыстық мешіттің найб имамы Қ.Абдалиев оразаның қасиеті мен рамазан айының ерекшелігі жайында уағыз айтты. Зағиптар қоғамының төрағасы Аманкелді аға өздерін елеп шақырғаны үшін мешіт ұжымына алғысын айтты.

 

 

Маңғыстау облыстық орталық

мешіттің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру