Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ғибратты жүздесу

20.06.2016 3572 0 пікір

Қасиетті жұмада Орал орталық мешітінде жиналған жамағатқа ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтанов: "Дін – саналы адамдарды, өз еркі және қалауымен қайырлы, игілікті істерге жетелейтін құдіреті күшті Жаратушының заңы. Дін-тәрбие. Дін - бақытқа жетелейтін, иман мен Тәңір заңдарын қамтитын тура жол. Дін-сүйіспеншілік, құрмет. Дін - сенім, ғибадат, дұға. Дін - адамзат, отбасы, қоғамды дамытып, үйлестіруші күш. Дін - адамды Жаратушы Алламен  байланыстыратын және  оған тура жол нұсқап жетелейтін үлкен сенім. Бейбітшілік пен келісім, достық пен сенім – адамзаттың асыл құндылықтары. Қазақ елі – ежелден бірлігі жарасқан, тыныштығы мен бейбіт тіршілігі сақталған ел. Ислам ақыл иелерін осы дүниеде қуаныш пен шаттыққа, ал ақиретте мәңгілік бақытқа кенелтеді.  Жақсы мен жаманды, дұрыс пен бұрысты, арам мен адалды ажыратып, ізгілікке бастайды", -  деп уағыз-нәсихат айтты.

Ақтөбедегі лаңкестік әрекет қазақ еліне орны толмас қайғы-қасірет әкелді. Қасиетті Рамазан айында осындай қайғылы жағдайдың орын алуы өте өкінішті жайт.

Осыған байланысты мешітімізге арнайы келген намазхан бауырымыз, БҚО, Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, «Вайнах» шешен-ингуш мәдени-ағарту қоғамының төрағасы Саратов Данильбекті таныстырып,  сөз кезегін ұсынды.

Данильбек Әлиұлы: "Ел аман, жұрт тыныш заманда жан түршігерлік қылмысқа барғандардың адамгершілік қасиеттерден жұрдай болғаны анық. Алланың құзырында да, мемлекетіміздің заңы алдында да қылмыс жасағандар ең қатал жазаға тартылады деп сенеміз. Елдің амандығы жолында өздерінің азаматтық парыздарын орындау барысында қаза тапқандардың отбасыларына және туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз және сабырлық тілейміз", - деп жүрекжарды тілегін білдірді.

Жұма намазынан кейін құрбан болған жандардың рухтарына арналып құран бағышталды.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру