Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Имандылыққа баулу лагері жалғасуда

19.06.2016 3694 0 пікір

Діни басқармаға қарасты Ақтау қайырымдылық мекемесінде 1-ші маусымнан бастап жазғы сауат ашу лагері басталған болатын. 16 күндік болып жоспарланған лагерьге 40 бала қабылданды. Лагерь барысында ораза ұстай алатын жастағы балалар ғана қабылданып, арнайы бағдарламаға сәйкес 1-16 маусым арасында діни сауат ашуға мүмкіндік жасалды.

Лагерьге ата-аналар өз өтініштерімен балаларын алып келуде. Лагерь барысында балаларды деңгейіне қарап 3 топқа бөліп, дәріс берілді. Балаларды зеріктірмеу мақсатында тәрбиелік мәні бар кинолар, мультфильмдер көрсетіліп, футбол ойнатылды. 16 күндік лагерь өз мәресіне жетіп, Құран жаттаған балалар арасында жарыс өткізілді. Жақсы оқып, оза шыққан балаға велосипед, білім сайысында жүлде алған балаларға спорттық аяқ киім сыйға берілді. Ал өзгелеріне де сыйлықтар беріліп, мекеме ұстаздары шәкірттерге сәттілік тілеп шығарып салды.

Енді 18-ші маусым - 3 шілде аралығында екінші топ қабылданатын болады. Мақсат - балаларға имандылық дәнін ұялата білу.

 

 

Маңғыстау облыстық орталық

 мешіттің баспасөз қызметі

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру