Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Рамазан айында тегін тасиды

18.06.2016 3400 0 пікір

Жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша биыл да облыстық «Марал Ишан» мешітінде ораза ұстаған адамдарға қолайлы жағдайлар туғызылуда. Мәселен, кешкілік тарауық намазына қатысқан жамағатты үйлеріне жеткізіп салуға ерекше назар аударылған. 

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын», - демей ме? Аталған игі іске Қостанай қалалық әкімшілік пен автобус паркіндегі қайырымды азаматтар өздерінің тікелей ықпалын тигізді. Олар автобуспен қарт кісілерді және намазхан жамағатты үйлеріне жеткізіп отырады. Сөйтіп, қасиетті Рамазан айында олар көпшіліктің шынайы алғысына бөленуде.

Мұндай игі шара Рудный қаласының «Нұр» мешіті мен Жітіқара ауданының «Ержан Тәтішев» мешітінде де қолдау тапты.

 

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру