Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Қасиетті айда – Құран жарысы»

17.06.2016 3460 0 пікір

Қасиетті Құран айында 15 маусым күні Атырау қаласы жастар ресурстық орталығымен бірлесе отырып «Иманғали» орталық мешітінде  IV облыстық жастар арасындағы Құран оқудан «Құран жарыс» сайысы өтті.

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бізге Құранды үздіксіз үйренуге және үйретуге шақырды. «Балаларыңды үш түрлі қасиетке баулыңдар: Пайғамбарларыңды сүюге, оның әулетін құрмет тұтуға және Құран оқуға. Шын мәнінде, Құранды жаттағандар ешқандай көлеңке болмайтын Қиямет күнінде Алланың Аршысының көлеңкесінде тұрады», дегендей сайысқа ниет білдіргендердің жас шамасы 12-24 аралығында болды.

Жарыс екі бағыт бойынша өткізілді:

1.Құранның соңғы, 30-шы парасын түгел жатқа оқу.

2.Құранды көркем оқу (өзінің жаттаған сүресін оқу)

Тартысты өткен жарыста «Жатқа оқудан» 1-орынды Бименов Есқабыл, 2-орынды Камалов Аманғали, 3-орынды Жолдыбаев Бақберген жеңіп алса, ал «Көркем оқудан» 1-орынды Сағинов Ерлан, 2-орынды Нұрсұлтанов Дияр, 3-орынды Берден Алижан иемденді.

Бірінші орынды жеңіп алғандарға 70 000  теңге қаржылай сыйлық берілсе, екінші орынға 50 000 теңге, ал үшінші орынға 25 000 теңге беріліп, қалған 6 қатысушы жасөспірімдерге ынталандыру мақсатында 10 000 теңге қаржылай сыйлықтар тапсырылды.

Ерекше атап өтетін жайт, сайысқа 5 жастағы Мейірхан дайындалып келіпті. Сайыс талабына жас шамасы жетпесе де, Мейірханға мешіт атынан 10 000 теңге ынталандыру ретінде табысталды.

ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы сайысты қортындылап, қатысушыларға алғыс білдірді.

 

«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметшісі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру