Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АУДАНДАРДА ӨТКЕН САУАПТЫ ІСТЕР

17.06.2016 3931 0 пікір

Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен, «Шапағат» Деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» Қоғамдық қоры  14 маусымда Жылыой аудандық мұсылмандар мешітінде, 15 маусымда Мақат аудандық мұсылмандар мешітінде Қасиетті Рамазан айында ораза ұстаған мешіт жамағаттарына, аудан тұрғындарына ауызашар дастарханын ұйымдастырды.

Ауызашар дастарханында «Шапағат» орталығының директор орынбасары, теолог Айбек АТАШЕВ – қасиетті Рамазан айында көбірек сауабы мол амалдарды жасап, Жаратушы Иеміздің ұлы сыйы әрі нығметіне бөленуге Алла нәсіп етсін деп тілегін білдіріп, мұсылман бауырларды сабырлыққа, қайырымдылыққа, мейірімділікке, бауырмалдыққа шақырды.

Аудандық мешіттердің Бас имамдары жылына бір рет келетін қасиетті Рамазан айында Алла разылығы үшін ауданымызға арнайы ауызашар дастарханын ұйымдастырған «Шапағат» орталығына ризашылықтарын білдірсе, елімізге белгілі теолог Мейіржан Рахматулла Рамазан айының ерекшелігін, қадір-қасиетін жеткізіп, дастархан соңында елдің амандығы мен халқымыздың береке-бірлігі үшін дұға жасады. Сонымен қатар, теолог Мейіржан Рахматулла тарауық намазына жиналған жамағатқа «Ханафи фиқхын, матруди сенім мектебінің негізгі критерилерін түсіндіру» мақсатында әсерлі уағыз жүргізді.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру