Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚАСИЕТТІ АЙДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

16.06.2016 3789 0 пікір

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы, Алматы қаласы, Түрксіб ауданы мешіттерінің ұйымдастыруымен әлеуметтік тұрмысы төмен отбасыларға қайырымдылық жасалды.

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының Үндеуіне үн қосқан мешіт имамдары қаланың Бас имамы Нұрбек Әуесханұлының ұйытқы болуымен 250 шаңыраққа бір айлық азық түлік үлестірді.

Қайырымдылық шараға келген жұртқа қаланың Бас имамы Рамазан айының артықшылығы мен сауабы жөнінде насихат етіп, осындай бағыттағы игі шараның алдағы уақытта да жалғасын табатындығын айтты.

Шараға Түрксіб ауданының тұрмысы төмен отбасылары тізім бойынша шақырылып, азық түліктер үлестірілді. Олар өз кезегінде, мешітке және осыған ұйытқы болған басшылыққа алғыстарын білдіріп, Алла жолындағы істеріне береке тіледі.

Қасиетті Рамазан айында жасалатын ең ізгі амалдардың бірі қайырымдылық екені сөзсіз. Алла Тағала Қасиетті Құранның «Қасас» сүресінде «Раббым қалаған адамының ризығын арттырады, (қалаған адамның ризығын) тапшы қылады. (Алла жолында) берген нәпақаларыңның есесін Алла толтырады. Ол – ризық берушілердің ең жақсысы» деп айт», - деген.

 

Алматы Орталық мешітінің

баспасөз қызметі 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру