Рамазан жылына бір рет келетін, сауаптар еселеніп жазылатын берекелі, қасиетті ай. Бұл ай – жәрдемдесу айы. Бұл ай – мүміндердің ризығын арттыратын ай. Бұл айда кім ораза тұтқан мүмінге аузын ашатын бір нәрсе беретін болса, жасаған бұл ісі күнәларының кешірілуіне және Тозақтан құтылауына себеп болады. Ораза тұтқан адамның сауабы азаймастан соның алатындай сауабына ие болады. Әрбір мұсылман баласы мұндай мүмкіндіктер айын жіберіп алмауға тырысады.
Кімде-кім Рамазан айында кедей-кепшік, жетім-жесірлерге қол ұшын созып, көмек көрсетсе, Алла оның сауабын еселеп беретіні сөзсіз. Алла Тағала Құран Кәрімнің "Ниса" суресінің 127 аятында айтқандай: «Қайырдан не істесеңдер де, сөзсіз Алла оны күдіксіз біледі», - дегендей бұл қасиетті айда жағдайы төмен мұқтаж жандарға қол ұшын беру – үлкен сауап.
9 маусым күні «Иманғали» орталық мешітінде мүгедектер, көп балалы аналар мен мұқтаж жандар саналатын 50 отбасыға 30 кг-нан тұратын күнделікті азық-түліктер үлестіріліп, сауапты іс қолға алынды.
Осындай қамқорлыққа риза болған аналар өз ризашылықтарын білдірді.
«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
16.06.2016
4139
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру