Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алтай бауырайындағы берекелі Рамазан

16.06.2016 3077 0 пікір

Қасиетті Рамазан айында Алтай баурайында  берекелі шаралар атқарылуда. Бас мүфтидің Үндеуіне сәйкес Өскемен өңірінде жалпы халықтық бірқатар игілікті шаралар тындырылуда.

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешіті қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырып, түскен қаражаттан сауат ашу курстарында оқып жатқан шәкірттерге сыйлықтар дайындады. Ораза айттың алғашқы күні үздік оқыған шәкірттерді осы сыйлықтармен марапаттау жоспарланып отыр.

Қазір 100-ге тарта ер балалар мен қыз балалар жазғы оқу курстарында білім алуда.

Сонымен қатар, күн сайын 300-400 жамағатқа облыстық мешіттен тұрақты түрде ауызашар беріліп келеді. Оған қоғам қайраткерлері, ақсақалдар, өнер иелері, БАҚ өкілдері арнайы шақырылуда.

Әр күн сайынғы тарауық намазына өңір жамағаттары көптеп келіп қатысуда.

Өскемен аймағының барлық аудандық мешітерінде қайырымдылық шаралары өтіп, жамағат жүрегіне жол табуда.

Сонымен қатар, Ораза айт күндері Өскемен өңірі бойынша Құран жарысы өтеді деп жоспарланып отыр.

Осылайша, Шығыс өңірі қасиетті Рамазанды бірлікпен, ұйымшылдықпен өткізіп жатыр.

 

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспсөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру