
ҚМДБ-ның Алматы облысы, Алматы аймағы бойынша өкілдігіне қарасты «Үшқоңыр» медресе-колледжінің Қарғалы ауылында орналасқан қыздар бөлімінде жылдағы дәстүр бойынша жазғы «Сауат ашу» курсы өз жұмысын бастаған болатын. ҚМДБ-ның бастамасымен қолға алынған бұл игілікті шараның негізгі мақсаты – жазғы демалыс мезгіліндегі балалар мен жасөспірімдердің уақытын тиімді пайдалану, оларды діни сауаттылыққа бағыттап, имандылықтың іргетасын қалыптастырып, жас ұрпақты үлгілі етіп тәрбиелеу болып табылады. Бұл ұйымдастырылған жазғы «Сауат ашу» курсының бір ерекшелігі, жетпістегі әжелер мен жеті жастағы бүлдіршіндер еліміздің әр тарапынан келіп дәріс алуда. Мысалы, Атыраудан келген Бағиша әжеміз 70 жаста екен. Жас шамаларына қарай төрт топқа бөліп, білікті ұстаздар имандылық дәрістерін өтіп, Құран сүрелерін жаттатып, Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмірі мен хадистерінен дәрістер беріп жатыр. Алматы өңірінің өкіл имамы Қуаныш Бақытбекұлы аудандардағы жазғы «Сауат ашу» курстарын арнайы аралап жүріп, осы «Үшқоңыр» медресе-колледжінің қыздар бөлімінде дәріс алып жатқан білім талап етуші әже, қарындастарымызбен жүздесіп, ізгі тілегін білдіріп, барлығының жемісті жұмыс жасауына дұға етті.
Алматы облыстық «Қарасай батыр» мешітінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
16.06.2016
7102
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру