Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау облысының әкімі ауызашарға қатысты

16.06.2016 3479 0 пікір

Жылдағы дәстүр бойынша Қасиетті Рамазан айының келуіне орай, облыстық «Иманғали» орталық мешітінің алаңына 24 қанатты 3 үлкен киіз үй тігілді.

Зәулім де әсем қазақтың киіз үйінде ораза ұстаған жандар 29 күн бойы ауыз ашатын болады. Әр киіз үй 150-ден астам адамға арналған. Ұлттық нақышта мұндай ауызашар ұйымдастыру Атырау қаласында бүгінде дәстүрге айналды.

Рамазанның 4-ші күні "Иманғали" орталық мешітінде кезекті ауызашар дастарханы жайылды.  Ауызашарға мешіт жамағаты, ақ жаулықты аналар, тұрмысы төмен отбасылар, сонымен қатар, Атырау облысына жақында тағайындалған облыс әкімі Ноғаев Нұрлан Асқарұлы қатысып, барша мұсылмандардың ұстап жатқан оразаларының қабыл болуын тілеп, «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы Батыржан Берденұлына және ауызашар дастарханына үлес қосып, көмектесіп жүрген қыз-келіншектерге ризашылығын білдірді. Мешіт имамы уағыз-насихат айтып Рамазан айының ерекшелігін қадір-қасиетін жеткізіп, дастархан соңында елдің амандығы мен халқымыздың береке-бірлігі үшін дұға жасады.

 

«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз хатшысы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру