Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атыраудағы Рамазаннан көрініс

15.06.2016 3404 0 пікір

Биыл «Иманғали» орталық мешіті ауласында 3 киіз үй тігілді. Оның екеуінде мұқтаж жандар мен жолаушыларға, жалпы жамағатқа ауызашар берілсе, біреуі күнделікті Рамазанның соңына дейін өңірдегі зиялы қауымдарға, БАҚ өкілдері құқық қорғау қызметкерлеріне, мемлекеттік қызметкерлерге, мүгедек жандарға, дәрігерлерге, соғыс ардагерлеріне, жетім балаларға, т.б. ауызашар беріледі.

 

 

 

Рамазан - Құран айы

 

Қасиетті Рамазан айы - Алланың кәламы, шарапатты Құран Кәрім түскен ай. Алла Тағала "Бақара" сүресінің 185-аятында, әуелі, Құран туралы сүйіншілейді: "Рамазан айы сондай бір ай, ол айда адам баласына тура жол және (ақ пен қараны) айыратын дәлел түрінде Құран түсірілді..." Содан кейін, Рамазан туған бойда ораза ұстау жөнінде бұйырады. Міне, осыған байланысты, ғалымдар бұл айда әрбір мұсылман Құран Кәріммен дос болуды айрықша тапсырады. Осыған орай, облысымызға арнайы Түркия елінен келген қари Осман Тигли бауырымыз 29 күн бойы қасиетті Құран Кәрімді күндіз хатым етететін болады. Хатымға аға-апаларымыз қатысып, күніне 1 сағат Құранның бір парасын оқып, Құранмен сусындап, мәз-мәйрам болып тарасуда.

 

 

 

Сауатты ұрпақ

Сонымен қатар, Рамазанның алғашқы күнінен басталған ұлдар мен қыз балаларға арналған сауат ашу курсы өз жалғасын табуда. Мақсатымыз Қасиетті Құран айында, кішкентай бүлдіршіндеріміз кішкентайларынан Ислам дінін дұрыс түсініп, ата-анасына құрмет қылған, елін сыйлаған ұрпақ тәрбилеу.

 

Сауапты істер

Күн сайын сауаптың астында жүрген қыз-келіншектер күндізгі сағат 16-17:00 ден бастап, ауызашар дастарханын дайындауға кірісуде.

Ауызашар дастарханы

Зәйд ибн Халид әл-Жуһайнидің (оған Алла разы болсын) риуаяты бойынша Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Аузы берік жанды ауызашарға шақырып тамақ берген кісі – ораза ұстаған адамның алатынындай сауап алады. Аузы берік адамның сауабынан да еш нәрсе кемімейді″, - деген. Осы хадиске сүйеніп көпшіліктің сауабын алып, ауыз аштырамын деген жандар, мешіт ауласындағы киіз үйлерде ауызашар дастарханын жайып, жалпы жамағатқа ауызашар беру үрдісі жалғасуда.

Намаз оқу тәлімі

Жамағат арасында жаңадан намаз бастап жатқандарға мешіт имамдары күнделікті намаз үйрету курсын жандандырып келеді

Құптан алды уағызда

Мешіт имамдары күнделікті тарауық намазына жиналған жамағатқа түрлі тақырыпта уағыз-насихат айтып нәр беруде.

Тарауих намазы

Бойларына қан жүгіртіп, шөлдерін басқан жамағат жиырма ракағат тарауих намазын оқуға дайындалуда. Сүйікті Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Хақ тағала сендерге оразаны парыз етсе, мен тарауих намазын сүннет еттім. Шын иман және ықыласпен Рамазан оразасын ұстаған және тарауих намазын оқыған адам күнәдан анадан жаңа туған нәрестедей пәк болып тазарады», – деген хадисі бар.

Тарауық арасы тынығу

 Тарауық «демалыс, дем алу» дегенді білдіргендіктен, облысымыздың бас имамы Батыржан Берденұлы 8 ракағаттан кейін жамағатқа қарилар оқып жатқан хатымның қай парасы, қай сүресі екенін айтып, әрбір сүренің тәпсірін түсіндіруде.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру