Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

140 бала діни білім алуда

15.06.2016 3734 0 пікір

Маңғыстау облыстық орталық мешітіндегі жазғы сауат ашу курсы өз жұмысын 1  маусымнан бастап кетті. Мешіт ішіндегі балаларға арналған курста бүгінде 50 қыз, 50 ұл дәріс алып жүр. Таңертең және түстен кейінгі уақыттарда бөлініп келетін балаларға Ислам негіздері, Құран сабақтары өткізіледі. 

Ал, мешіт жанынан бой көтерген, биыл пайдалануға берілген "Қайырымдылық мекемесі" ішіндегі медресе лагеріне облыстың түкпір -түкпірінен келген 40 бала діни сауаттарын ашуда.  Лагерь 16 күннен 3 кезеңге бөлінген. Үшінші кезеңде қыз балалар қабылданатын болады.  Балаларға "Нұр Мүбәрак" университетінен білім алып жүрген шәкірттер тәжірибе жинау мақсатында сабақ беруде. Лагерь балалары 3 мезгіл тамақпен қамтамасыз етіліп, сабақтан тыс уақытта спорттық ойындармен шұғылданады. Сондай-ақ, ұстаздарымен бірге теңіз жағалауына, қаланың көрікті жерлеріне, мұражайға саяхат жасайды.

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру