Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Вице-министр ақтөбелік имамдармен кездесті

15.06.2016 3317 0 пікір

Кеше ҚР Мәдениет және Спорт вице-министрі Марат Әзілханов Ақтөбе қаласындағы дін қызметкерлерімен жүздесті. Кездесуге Дін істері басқармасының басшысы Б. Есмахан, өкіл имам Т. Оспан және қала имамдары мен медресе ұстаздары және «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теолог мамандары қатысты. Шара барысында Марат Алмасұлы өңірлік имамдардың діни қызметімен танысып, теріс ағымның алдын алу жұмыстары бойынша ой-пікірлерін тыңдады.

Вице-министр дін қызметкерлеріне мешіт жамағатымен тығыз қарым-қатынас орнату, көркем жұмыс жүргізу, ұжымдық деңгейде әрекет ету сынды бірқатар ұсыныстарын ортаға сала келе имамдардың ел тыныштығы мен бірлігі жолында қарқынды түрде қызмет етуі бүгінгі уақыт талабы екендігін ерекше атап өтті.

 

«Нұр Ғасыр» облыстық орталық

мешітінің Баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру