Маңғыстау облыстық орталық мешітінде Рамазан оразасына ауызашар дастарханы күнделікті ұйымдастырылып отыр. Мешіт ауласына тігілген әрқайсысы 90 адамдық 3 киіз үйде мешіт жамағаты күнде ауыз ашады. Сондай-ақ, жаңадан бой көтерген қайырымдылық мекемесінің ішінде арнайы қонақтар Рамазан дастарханынан дәм татуға шақырылады.
Орталық мешіт тарапынан жасалған ауызашар отырысына облыстық дін істері басқармасынан Е. Иса, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы А. Нұрдәулетов, Облыстық жастар ресурсы орталығы, Маңғыстау облысы әкімі аппаратының терроризмге қарсы комиссия бөлімі, Нұр Отан партиясының жастар қанаты, Ақ жол партиясының жастар қанаты, басқа да белсенді жастар келді. Бас имам С. Сейтбеков дастархан басында Рамазан айы мен Ораза ұстап, ауыз бекітудің пайдасы турасында уағыз айтты.
Өңірдің белсенді жастарының басын құрап жүрген облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Аманғали Нұрдәулетов сөз алып, өз ризашылығын білдірді. Мұнан соң келген қонақтар медресе жұмыстарымен танысты.
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
14.06.2016
3493
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру