Биылғы жылы қасиетті Рамазан айын ҚМДБ-ның Павлодар облысына қарасты мешіттері үлкен дайындықпен қарсы алып, әртүрлі игі іс-шараларды молынан ұйымдастыруда. Солардың бірі қалалық «Әбу Бәкір Сыддық» мешіті. Аталмыш мешіттің бас имамы Матаев Дулат Ғабиденұлы: «Қасиетті Рамазан басталған күннен бастап біз биылғы «Дін және тарих тағылымы» жылы аясында, Бас мүфтидің тапсырмасына орай, жамағатты ынтымақ-бірлікке шақырып, жастардың теріс ағымдар жетегіне ілініп кетпеуі үшін, сонымен қатар, ақиқатты әлі де нақты түсіне алмай жүрген бауырларымызға дәстүрлі дінімізді насихаттау мақсатымен мешіт ауласына ұлттық киіз үй тігіп, тарауық намазына келуші жамағатқа күн сайын ауызашар мен сәресін ұйымдастырудамыз.
Біздің бастама жақсы әсер етіп жамағат пен мешіттің өзара қарым-қатынасы күннен-күнге нығайып, олардың өзара бауырмашылдығы да артып, уағыз-насихат тыңдаушылар, жаңадан намазға келушілер, тарауық намазына қатысушылардың саны күн санап қосылуда», - дейді.
Имам Дулат Ғабиденұлының айтқанындай мешіт ауласындағы киіз үйдің іші-сырты ұлттық ою-нақыштармен безендіріліп, бір мезетте 70-80 адам сиятын арнайы аласа үстелдермен жабдықталған тамаша ақорда көптің көңілінен шығуда.
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
14.06.2016
3894
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру