Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Талапкерлер назарына: «Нұр-Мүбарак» университетiн таңдаңыз

14.06.2016 4702 0 пікір

«Нұр-Мүбарак»  университетi – елiмiздегi жоғары бiлiмдi имамдар, исламтанушылар, дінтанушылар, араб және ағылшын тілі мамандарын даярлайтын бiрегей  оқу  ордасы. Оқу орнында Египет пен Қазақстанның   доктор-профессорлары, білікті мамандары дәріс бередi.

Университет студенттерiне Египеттің ЖОО-да курстардан, машықтанудан өтуге, магистратура мен докторантурада  бiлiмiн тереңдетуге, ғылыммен айналысуға мүмкiндiк  жасалған.

 

БАКАЛАВРИАТ:

Күндізгі бөлім: 

«5В021500 — Исламтану»  (ерлер және қыздар бөлiмi, орыс бөлімі);

«5В020600 – Дiнтану»;

«5В011900–Шет тiлi: екi шет тiлi» ( араб-ағылшын тiлдерi және ағылшын-араб тiлдерi).

Ақылы негізде: Исламтану мен дінтану – 342900 теңге;

                          Шет тiлi: екi шет тiлi – 442900 теңге.

 

Сырттай бөлім:

«5В020600–Дiнтану» (Екінші жоғары білім).

Ақылы негізде: жылдық төлемақы — 298 000 теңге.

 

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ:

Магистратура:

«6M021000-Шетел филологиясы»

«6М020600- Дінтану»

«6М021500 — Исламтану»

Ақылы негізде: үш мамандыққа да жылдық төлемақы — 396 000 теңге.

 

Докторантура:

«6D021500 — Исламтану»

«6D020600 – Дiнтану»

«6D021000–Шетелфилологиясы»

 

Исламтану мамандығын таңдаған  талапкерлерден  құжаттар 20 маусым мен 1 шілде аралығында қабылданады.

2-7 шілде аралығында Құран, Ақида-фиқһ ілімдері бойынша шығармашылық емтихан тапсырады.

17-23 шілде аралығында Қазақстан тарихы мен қазақ тілінен кешенді тестілеу өткізіледі. (Биыл ҰБТ тапсырғандар тапсырмайды).

Ал,«5В020600 – Дiнтану», «5В011900–Шет тiлi: екi шет тiлi» ( араб-ағылшын тiлдерi және ағылшын-араб тiлдерi) мамандықтары бойынша қабылдау  жалпы жоғары оқу орындарына қабылдау ережелеріне сәйкес өтеді. Яғни кешенді тестілеу немесе ҰБТ-дан өту балын жинаған талапкерлер қабылданады. Өту балы-50 балл.

ҰБТ және кешенді тестілеуден өту балын жинай алмаған талапкерлер тамыз айында қайта кешенді тестілеуге қатыса алады.

 

Керекті құжаттар: 

1. Өтініш;

2. Аттестат немесе диплом (түпнұсқа);

3. 3×4 мөлшердегі 6 фотосурет;

4. 086-У үлгісіндегі медициналық анықтама+ флюорография кескіні;

5. 063 үлгідегі егілу туралы анықтама;

6. Жеке куәлік көшірмесі.

Сондай-ақ, Исламтану мамандығына түсетіндер үшін наркологиялық, психотерапиялық диспансерден анықтама және сотталмағандығы туралы анықтама талап етіледі.

 

Ескерту. 086-У медициналық анықтамада талапкердің суреті және суреттің үстінде медициналық тексеруден өткен мекеменің мөрі болуы міндетті. Болмаған жағдайда құжат қабылданбайды.

 

Алматы. әл-Фараби даңғылы 73. «Академиялық қалашық» аялдамасы.
тел.:8 (727) 302-09-43,

302-09-34.

Факс:8(727)302-09-30.


Сайт: www.nmu.kz.
E-mail: nmu_priemkom@mail.ru


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру