Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылордада қыздардың жазғы сауат ашу курсы басталды

13.06.2016 3534 0 пікір

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті жанында қыз балаларға арналған сауат ашу курсы басталды.

Жыл сайын дәстүрге айналған игі бастама биылғы маусымда да өз жалғасын таппақ. Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытырын тиімді өткізу, олардың бойына имандылық дәнін себу мақсатында ашылған курстың маңызы зор.

Бүгінгі таңда аталмыш курста 20-дан аса шәкірт қыз балалар сабақ алуда.

Олар имандылық, Ислам құндылығы, Құран жаттау, Ислам парыздарын үйрену секілді бағыттарда сауаттарын ашатын болады.

 

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі 


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру