Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтауда «Иманды жас» тақырыбында кездесу өтті

13.06.2016 3526 0 пікір

Ақтау қаласындағы «Арман жастар орталығында» «Жас Отан», «Ақжол» жастар қанаты, Маңғыстау жастар ресурсы орталығы өкілдерінің қатысуымен «Иманды жас» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге Маңғыстау облысының өкіл имамы Смайыл Сейтбеков арнайы шақырылған болатын. Өкіл имам жастарға имандылық жайында тұшымды уағыз айтып, адам бойында болуы тиіс жақсы мінезге ие болуға шақырды. Қасиетті рамазан айы жайында да кеңінен түсіндіріп, оразаның сан түрлі сауабына тоқталды. Қоғамдағы қыз баланың орны мен Исламның әйел затына деген ұстанымын айтып өтті.

Жастар өздерінің көкейінде жүрген түрлі сұрақтарын қойып жатты. Өкіл имамның жауабына қанағаттанған жастар ризашылықтарын білдірді. Жастардың дінге деген қызығушылығының артқаны - олардың сұрақтарынан байқалып тұрды.

 

Маңғыстау облыстық орталық

 мешіттің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру