Өңір мешіттерін жас діни мамандармен толықтыру мақсатында Өскемен аймағы өкілдігі «25 жылдыққа 25 қадам» жобасы аясында «Дипломмен ауылға» бағдарламасын жасаған болатын.
Осы жоба сәтімен жүзеге аса бастады. Мамыр айында «Нұр-Мүбарак» университетін бітіріп, қолдарына дипломдарын алған 15 түлек Шығыс Қазақстан облысы Өскемен аймағына қарасты қала, аудан мешіттеріне қызметке қабылданды.
ҚМДБ-ның Өскемен аймағы бойынша өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы жұма намазында халыққа жас мамандарды таныстырды.
Өкіл имам: «Өңір мешіттерін жас мамандармен толықтыру бүгінгі күннің басты талабы. Халықтың діни сауаттылығын арттыру, исламдағы бейбітшілік, татулық, бірлік қағидаларын, адамгершілік асыл құндылықтарды насихаттау жолында жаңаша серпінді жұмыс қажет. Діни басқарманың 4 бағыт бойынша тапсырмаларын нәтижелі жүзеге асыру басты мақсатымыз. Жас мамандардың баспана, жалақы мәселесін шешуде тың шаралар ұйымдастырып жатырмыз», - деп жамағат алдына айырықша атап өтті. Сонымен қатар, оларға діни қызметте өздеріне жүктелген міндетті жауапты атқарады деп сенім білдірді.
Жас мамандардың әлеуметтік мәселесі аудан имамдары халықты ұйымдастырудың нәтижесінде жолға қойылуда.
«Дипломмен ауылға» жобасына қатысушы, Өскемен өңіріне діни қызметке еліміздің әр өңірінен келген мамандарға Алла жолындағы діни қызметтеріне сәттілік тілеп, ақсақал ақ батасын берді.
ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфтидің бұйрығымен жас мамандардың екеуі Д. Нұрнәсір Шығыс Қазақстан облысы «Көкпекті аудандық мешітіне» және С. Сметов Ұлан аудандық «Мұса баба» мешітіне бас имам болып тағайындалса, басқалары қала, аудан мешіттеріне найб имамдық және ұстаздық қатарлы қызметтерге бөлінді.
Олар халық алдында өздеріне жүктелген сенімді ақтап, Алла жолында адал қызмет атқаратындықтарын айтты.
Шығыс Қазақстан облыстық
«Халифа Алтай» мешітінің баспсөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
13.06.2016
4053
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру