Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

НАИБ МҮФТИ «САРАПШЫЛАР» КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

11.06.2016 3285 0 пікір

Дүйім жұртты дүрліктірген Ақтөбедегі қанды оқиғаға қатысты кеше Астана қаласында «Сарапшылар клубының» отырысы болып өтті. Аталмыш жиынға ҚМДБ-ның төраға орынбасары, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Серікбай ораз Сатыбалдыұлы, Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының басшысы Айдар Әбуов, ҚР Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин қатысып, лаңкестік оқиға жайлы өз пікірлерін ортаға салды. Белгілі саясаткер Нұрлан Ерімбетовтың жүргізушілігімен өткен отырыс барысында қанды оқиғаның құныкерлерін айыптап, оларға тосқауыл қоюдың жолдары айтылды.

Бейбіт күннің берекесін қашырған теріс пиғылды жат ағымдарға қарсы ҚМДБ тарапынан атқарылып келе жатқан іс-шаралар есебі айтылып өтті. Сөз алған Серікбай қажы Сатыбалдыұлы қазіргі кездегі имам-молдалардың діни білімдері мен біліктілік деңгейлері жайлы айта келіп, елімізде жоғары сауатты дін қызметкерлерінің көбейіп келе жатқанын алға тартты. Сондай-ақ, сөз соңында Серікбай қажы Ақтөбедегі лаңкестік оқиғаның мұсылманшылыққа мүлдем жат әрекет екенін, бұның бәрі асыл дінімізге жағылған күйе екенін атап өтті. Осындай исламофобиялық әрекеттер ушығып тұрған кезде «түймедейді түйедей етіп көрсетуге» тырысқан кейбір БАҚ өкілдеріне де өз өтінішін білдіріп, мәселенің байыбына бармай жатып, орашолақ пікір айтудан аулақ болуға шақырды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру