Облыс әкімдігінің үлкен залында Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгіновтің төрағалығымен БҚО әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің отырысы болып өтті.
Бұл кеңеске ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтанов, кеңестің тұрақты мүшелері, құқық қорғау органдарының, қоғамдық және діни бірлестіктердің басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.
Отырыстың мақсаты - Қазақстан Республикасының діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын БҚО–да жетілдіру мақсатында діни ортаның радикалдану деңгейін төмендетуге арналған бірлескен жұмыс жоспары бойынша жылдық қорытындысын шығарып, ағымдағы жылға негізгі жұмыс бағыттарын айқындау.
Алдымен облыс әкімі Алтай Көлгінов сөз алып, кеңес отырысына сәттілік тіледі. Отырыста облыс дін істері басқармасының басшысы Талғат Нығметов «Салалалық құрылымдардың діни радикализм деңгейін төмендету бойынша жүргізілген жұмыстар туралы», БҚО–ның білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева «Жалпы орта білім беру мекемелеріндегі «дінтану негіздері» пәнін жүргізудің өзекті мәселелері және оқушылар арасында теріс діни ағымдардың алдын алу жұмыстарының барысы туралы», Сырым мен Қаратөбе аудандарының әкімдері А. Шыныбеков пен А. Шахаров «Сырым мен Қаратөбе аудандары бойынша қалыптасып отырған діни ахуал туралы: өзекті мәселелер және оның шешу жолдары» атты баяндамалар оқылып, сұрақтар қойылды. Ортақ шешімдер қабылданды.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
10.06.2016
3136
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру