Алланың Елшісіне (Оған Алланың игілігі мен сәлем болсын) ең алғаш түскен: «Оқы! Сені жаратқан Раббыңның атымен оқы!», – деп басталатын «Алақ» сүресінің алғашқы аяттары еді. Яғни, Жаратқан Иенің атымен оқу, білім алу парасаттылыққа қол жеткізудің негізгі баспалдағы. Мұсылмандықтың қырық парызының бірі – білім іздеу. Осыларды басшылыққа алған қазақ ағартушысы Ыбырай Алтынсарин бабамыз балаларды білімге шақырғанда: «Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық», – деп, білімді Алланың атымен бастап, білім алуға насихаттаған.
Бүгін Павлодар қаласындағы «Әбу Бәкір Сыддық» медресесінің бітіруші шәкірттері мемлекеттік емтихан тапсырды. Шәкірттер алдында Қазақстан тарихы пәнінен сынақтан өткен болса, бүгін Құран, фиқһ, араб тілі пәндерінен емтихан тапсырды.
Аталмыш емтиханды ҚМДБ-ның Жалпы және жастар бөлімінің басшысы Алтынбек Ұтысхан, облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің бас имамы Исенов Нариман, «Астана» медресесінің директорының орынбасары Оңғарбаев Қанат, «Астана» медресесінің ұстазы Сейдикаримов Сәкен қабылдады. Аталмыш медресені 2015-2016 оқу жылы табысты бітіріп, мемлекеттік емтихан тапсырған 12 түлектің үшеуі, атап айтқанда,Дәулетов Азамат, Әлімов Жақып, Ильмеев Талғат - «Өте жақсы», 4-еуі - «Жақсы», қалғаны - қанағаттанарлық үлгерім көрсетті.
Бірер күндерде диплом алып, ілім деген аманатты арқалап үлкен өмірге қадам басатын түлектерге Алла Тағала алдағы жолдарын ашсын деп тілейміз!
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
10.06.2016
3590
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру