Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Облыс әкімі ауызашар берді

10.06.2016 3565 0 пікір

Әбу Һурайрадан (оған Ала разы болсын) имам Бұхари жеткізген хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Кім Рамазан айының оразасын шын иман және ықыласпен ұстаса, оның бұрын істелген күнәлары кешіріледі» дейді. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) тағы бір өсиетінде: «Рамазан келгенде Жәннаттың есігі ашылып, Тозақ есігі жабылады, шайтандар кісенделеді» деген. Бүгінде осындай сауаптар еселеніп, нәпсіні тәрбиелейтін тақуалық мектебі болған ұлық айда ораза ұстаған жамағат үшін көптеп ауызашарлар ұйымдастырылуда.

Жылдағы дәстүр бойынша Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев облыс тұрғындарына ауызашар берді.

Отырыста өз делегациясымен келген облыс әкімі халыққа қасиетті Рамазан айымен құттықтау айтып, сүбелі сөз сөйледі. Сонымен қатар ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы Данияр қажы Жұмабаев Құран оқып, сан ғасырлар өтсе де қарапайымдылығын сақтаған қонақжай еліміз үшін дұға жасады.

Құран айының қуанышымен бір дастарханда бөліскен көпшілік, алғыстарын айтып, разылықтарын білдірді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру