Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шәкірттер сертификатқа ие болды

10.06.2016 3069 0 пікір

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті жанында ер балалар мен қыз балаларға арналған сауат ашу курстары, дін сабақтары тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Осы орайда, мешіт жанындағы қыз балаларға арналған кезекті сынақ тапсыру кезеңі өтті.

Шәкірттер Құран әліппесі, ақида, діни сауаттылық, фикһ секілді бағыттарда білім алып, сауаттылықтарын шыңдады.

Шәкірттерден сынақты орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің найб имамы, ұстаз Гаджиев Мұхтар алды.

Арнайы сынақ тапсырудан өткен 15-ке жуық қыз балаларға ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы  сертификат табыс етті.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру