Кеше Жәнібек ауданының Жақсыбай ауылының тұрғындары Ақтөбе қаласында орын алған лаңкестік оқиға кезінде қаза тапқан 6655-ші әскери бөлімінде келісім-шартпен қызмет атқарған кіші сержант Берікжан Қалиевті соңғы сапарға шығарып салды.
Елімізді жанқиярлықпен қорғау, халқының тыныштығын күзетe жолында жанын пида еткен есіл ермен қоштасу рәсіміне облыс басшысы Алтай Көлгінов пен ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтанов арнайы келіп, марқұмның анасы Гүлжиянға, жұбайы Нұрсұлуға және ағайын-туыстарына көңіл айтты.
- Берікжанды сіздер тәрбиелеп өсірдіңіздер. Осы жерде өсіп-өнді. Ел басына сындарлы шақ туғанда Отанын ердің ері ғана қорғайды.
Ұлыңыздың ерлігі ел есінде мәңгі қалады. Қайғыңызды бөлісе отырып, сізбен бірге екендігімізді айтқым келеді. Отбасыңызға қолдан келген бар көмекті көрсетеміз. Болған іске болаттай берік болып, сабырлылық танытыңыз. Қылмыскерлер тиісті жазасын алады, -деп қайғырып көңіл айтты Алтай Көлгінов.
Қаралы жиынға ҚР ҰҰ "Батыс өңірлік қолбасшылығы штаб бастығының орынбасары, полковник Мейіржан Мұхамбетқалиев, ҚР ҰҰ "Батыс" өңірлік қолбасшылығы Әскери дайындық жөніндегі басқармасының басшысы полковник Тұрсын Дүйсемалиев, ҚР Ұлттық Ұланның 6655-ші әскери бөлімі бастығының тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі орынбасары, майор Бақберген Әнешевтер қатысты.
Марқұмның жаназасын облыстық орталық мешітінің бас имамы Руслан Тыныштықұлы шығарды.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
10.06.2016
3446
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру