Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Рамазанның бір күні

09.06.2016 3215 0 пікір

Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадисінде айтылады: «Сендерге Ораза айы келіп жетті, бұл айдың түні басқа айдың түнінен мың есе артық» - делінген. Рамазан айының қадір-қасиеті, ерекшелігі, сауапқа толы мейірім айы екені белгілі. Осы қасиетті айда жер-жерлерде түрлі шаралар қолға алынып, көпшілік сауапты істерді көбейтуге асығары да сөзсіз.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті Рамазан айында бірнеше шараларды ұйымдастырып, халық ризашылығын алуда.

Өңірдегі Рамазанның бір күні қайырымдылық шарасын ұйымдастыруымен бастау алса, күн тәртібіндегі «30 күнде 30 насихат» ұранымен кездесулер, дөңгелек үстелдер де жалғасын табуда.

Сонымен қатар, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті тарапынан тұрғындарға ауызашарлар ұйымдастырылып, күнделікті тарауық намазына жиналған жамағат саны да артып келеді.

Орталық мешіттің жоспары бойынша бұл бағыттағы шаралар өз жалғасын таба бермек.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру