Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өкіл имам ауызашар берді

08.06.2016 3392 0 пікір

Қасиетті Рамазан айында Ораза ұстау қандай  парыз болса, Алла разылығы үшін ораза ұстаған құлдарының ауызын аштырып сауапқа кенелуді мақсат ететін жомарт  мұсылмандар қай өңірде де жеткілікті. Биылғы Рамазан айының алғашқы күнінен-ақ Кереку өңірінде асыл дінімізді сыйлайтын облыс, аудан, ауыл  әкімдерінің көбі  жергілікті мешіттерде  ауызашар жасап үлгі көрсетсе, келесі кезектерде облыс, аудан, ауыл мешіттері де өз жамағаттарына жарыса ауыз аштырып, Рамазан айының қасиеті, ораза ұстаудың парыз болуы, оразаның екі дүниедегі пайдасы туралы уағыз-насихаттарын қатар жүргізуде.

Маусым айының 7-жұлдызы немесе Рамазан айының 2-жаңасы күні облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде ҚМДБ-ның өкіл имамы Н.Исеновтың ұйытқы болуымен мешіт жамағаттары, облысымыздың қадірлі ата-апалары, ардагерлер, әртүрлі кәсіби сала өкілдерін қатыстырып 300 адамға ауызашар дастарханын жайды. Дастархан басында ата-бабалар рухына Құран бағышталып, келелі уағыз-насихаттар айтылды. Ауызашарға қатысқан облыстық «Әбу Ханифа» қорының директоры К.Кеңесбаев, қадірлі апа Зара Қожахметқызы, Сапарғали аға, Қазыбек аға, Олжабай аға қатарлы көптеген ағалар мен апалар жиналған қауымға береке-бірлік еліміздің өсіп-өркендеуінің басты  кепілі болатыны туралы ақыл-кеңестерге тола  насихат сөздер сөйлесе,  облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Р.Шөкеев  бастаған  ақсақалдар ақ батамен алқады.

Ауызашардың соңы әдеттегідей орталық мешіттің 2500 адам сиятын кең намазханасында  құлшылығын қаза етпейтін Алла құлдарының құптан, таруық намздарына ұласты.

 

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру