Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тарауық намазына қатысқан жамағатқа арнайы автобустар шығарылды

08.06.2016 3551 0 пікір

Миллади жыл санауы бойынша 5 маусымның түнінде биылғы жылдың қасиетті Рамазан айы басталған еді. Ислам дінінде ай бойы 20 ракағаттан тұратын Тарауиық намазы оқылады. Еліміздің мешіттерінде кешеден бастап Құптан намазынан кейін, Тарауық намазы оқыла бастады.

Елордалық тұрғындардың Тарауық намазына келіп-кетуіне қолайлылық жарату үшін, ҚМДБ-ның Астана өкілдігінің ұйымдастыруымен қалалық Жол-көлік департаменттері қаланың әр бағыттары бойынша арнайы автобустар шығарды. 

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде де Тарауық намазынан кейін жамағатқа арналған көліктер қатынап, Тарауықтың алғашқы күні Хатымның басталуына қатысқан елордалықтарды үш бағыт бойынша тасымалдады.

Астана қаласы автопарктердің демеушілігімен «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің маңынан қала ішіне арнайы автобустар үш бағыт бойынша қатынады. Дәлірек айтсақ, бірінші бағыт - Көктал-1, Көктал-2 шағын ауданы жаққа, екінші бағыт - "Жастар" шағын ауданы, тәуелсіздік көшесі, "Кирпичный", «Шаңхай» базарына, соңғы бағыт - «Мастер-2» құрылыс базарына қатынады.

Осылайша, арнайы көліктер ай бойы Тарауық намазына келген жамағатты тасымалдауда тегін қызмет көрсететін болады.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

 


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру