Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шахмат турнирінің жеңімпаздары марапатталды

08.06.2016 3694 0 пікір

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай облыстық Марал ишан мешіті мен «Зекет» қорының өкілдігі облыстық көркем-сурет мектебінде жасөспірімдер арасында шахматтан турнир өткізді.

Турнирді Қазақстан қажылар қауымдастығының Қостанай облыстық филиалының төрағасы Жақсылық Ғайсин ашты.

Жарысқа қатысушы балаларды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкіл имамы Бахытбек Тәжімбет шын жүректен құттықтады.

Шара соңында жеңімпаздарға бағалы заттар мен сыйлықтар тапсырылып,  дастархан жайылды.

Сонымен қатар, Қостанай қалалық мешіті де өз тарапынан облыстық балалар үйінде балаларға дастархан жайып, сыйлықтар ұсынса, Арқалық пен Лисаков қаласының мешіттері де бұл мерекеден қалыс қалмады.

 

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру