Он екі айдың ең қадірлісі — Рамазан айы келіп жетті. Рамазан – адамдарға тура жол нұсқаушы, ақ пен қараны айырушы, бекем тұтатын дәлел ретінде Құран түсіріле бастаған ай. Сондай-ақ, бұл айда күнәларымыздан арылып, сауап жинауға, ішкі дүниемізді тазартып, Алланың разылығын алуға мол мүмкіндіктер бар. Құран Кәрімде айтылған Рамазан айының ерекшелігі сол, бұл мезгілде жасалған кез келген қайырлы амалдың сауабын санау мүмкін емес.
Осы ретте, қасиетті Рамазан айының алғашқы күні Ораза ұстаған мешіт жамағаттарына, Қарттар үйінде тұратын ата-әжелерге Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» Қоғамдық қоры ауыз ашар дастарханын ұйымдастырды.
Ауызашар дастарханында ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы Батыржан МАНСУРОВ – әуелі, барша мұсылман қауымы асыға күтетін Рамазан айымен құттықтап, Рамазан айының құндылықтары мен қадір-қасиетін айтты. Ал, Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Еркінбек ШОХАЕВ - алдымен Атырау облысы әкімі Ноғаев Нұрлан Асқарұлының құттықтауын жеткізді. Сонымен қатар он екі айдың сұлтаны – Рамазан айында көбірек сауабы мол амалдарды жасап, Жаратушы Иеміздің ұлы сыйы әрі нығметіне бөленуге Алла нәсіп етсін деп тілек білдірсе, «Шапағат» орталығының директоры, елімізге белгілі теолог Қанат ЖҰМАҒҰЛ - Алланың мейірімі төгіліп, жұмақтың есігі айқара ашылатын, иманды күшейтуге мүмкіндік берілген берекелі Рамазан айымен құттықтап, мұсылман бауырларды сабырлыққа, қайырымдылыққа, мейірімділікке, бауырмалдыққа шақырды.
Осындай қасиетті Рамазан айында Алланың разылығы үшін мұсылман бауырларға ауыз ашар дастарханын ұйымдастырған облыстық Дін істері басқармасына, «Иманғали» орталық мешітіне, «Шапағат» орталығына Қарттар үйінің атынан және мешіт жамағаты атынан ақсақалдар ризашылығын білдірді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
08.06.2016
3650
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру