Міне, көптен күткен Рамазан айы да басталды. Бұл орайда облыстық Марал Ишан мешітінің ұжымы да оразаға үлкен әзірліктермен келді.
Мәселен, арнайы шақырылған жас қари Жандос бауырымыз осы Рамазан айында Қасиетті Құранды тарауық намазында толық оқып шығады. Оған халық көп жиналды.
Жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша осы мешіттегі алғашқы ауызашарды «Алтын алма, алғыс ал» деген аталы сөзді басшылыққа алған облыс әкімі, дін жанашыры Архимед Мұхамбетов берді.
Арнайы дайындалған орынға 300-ден аса адам жиналды. Олардың өздеріне осындай мол дастархан жайған өңір басшысына деген алғысы шексіз. Үлкендер жағы ақ батасын берді.
Біз өңір басшысы Архимед Бегежанұлына Алланың нұры жауып, Рамазан айында ойға алған армандары жүзеге ассын деген ең ізгі тілегімізді жеткізгіміз келеді.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
07.06.2016
3469
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру